2026 жылдың мамыры Қазақстан халқы үшін демалысқа толы ай болғалы тұр. Мемлекеттік және діни мерекелердің сәйкес келуіне байланысты, ел тұрғындары бірнеше қосымша демалыс күндеріне ие болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Сонымен, мамырда неше күн демалыс? Мамыр айындағы ресми мерекелер келесідей:
- 1 мамыр (жұма) – Қазақстан халқының бірлігі күні
- 7 мамыр (бейсенбі) – Отан қорғаушы күні
- 9 мамыр (сенбі) – Жеңіс күні (демалыс күні 11 мамырға ауыстырылады)
- 27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айт
1 мамырда қалай демаламыз?
Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 1, 2, 3 мамыр демалыс күндері. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар тек 1 және 3 мамыр күндері демалады. 2 мамыр жұмыс күні.
7 және 9 мамырдағы демалыстар:
Мамырдағы мерекелерге байланысты демалыс күндерінің саны да артпақ.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
- 4-6 мамыр – жұмыс күндері
- 7 мамыр – демалыс
- 8 мамыр – жұмыс күні
- 9, 10, 11 мамыр – демалыс күндері (9 мамыр сенбіге түскендіктен, демалыс 11 мамырға ауыстырылады)
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
- 4-6 мамыр – жұмыс күндері
- 7 мамыр – демалыс
- 8 мамыр – жұмыс күні
- 9, 10 мамыр – демалыс күндері
- 11 мамыр – жұмыс күні
Құрбан айт қосымша демалыс:
27 мамыр (сәрсенбі) Құрбан айт мерекесіне орай барлық қазақстандықтар үшін демалыс күні.
Мамырда барлығы қанша күн демаламыз?
Бес күндік жұмыс аптасында істейтіндер:
- 14 күн демалыс
- 17 жұмыс күні
Алты күндік жұмыс аптасында істейтіндер:
- 9 күн демалыс
- 22 жұмыс күні
Жұмыс күндері ретінде мына күндер белгіленген: 4, 5, 6, 8, 12-15, 18-22, 25, 26, 28 және 29 мамыр.
Ал сәуірде мемлекеттік мерекелер жоқ болғандықтан, демалыс күндері өзгермейді:
Бес күндік апта – 8 демалыс, 22 жұмыс күні
Алты күндік апта – 4 демалыс, 26 жұмыс күні
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







