Бүгін түнде Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, апат салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш жолаушы түрлі деңгейдегі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілген.
ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 2026 жылғы 16 қаңтарда шамамен сағат 01:03-те KZ-11 автожолының 383-шақырымында болған. Аталған учаске Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайотес – Шетпе – Жетібай – Ақтау бағытын қамтиды.
Оқиғаға Yutong маркалы жолаушылар автобусы қатысқан. Ведомство дерегінше, көлік құралы 2025 жылғы 19 желтоқсанда техникалық тексеруден өткен және CASPIAN TRANS CORPORATION жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тіркелген.
Алдын ала ақпарат бойынша, автобус жүргізушісі Ақтау қаласынан Бейнеу бағытына қарай қозғалып келе жатып, рөлге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берген. Оқиға орнында төрт жолаушы көз жұмған. Үш адам жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Апат сәтінде автобустың ішінде барлығы 50 адам болғаны нақтыланды.
Көлік министрлігінің мәліметінде жолдың техникалық жағдайына да тоқталынады. Аталған автожол учаскесі II техникалық санатқа жатады, жол жамылғысы асфальтобетон, жүріс бөлігінің ені 9 метрді құрайды. Жол жабындысынан ақау анықталмаған, жол белгілері бекітілген сызбаға сәйкес толық орнатылған.
Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы уәкілетті органдар тарапынан анықталып жатыр.
Атырау облысында ата-анасы өлтіріліп, екі айдан бері із-түзсіз кеткен 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиевтің телефонынан жолданған хатқа қатысты дау өршіп тұр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

