Инсайдерлік ақпарат бойынша, ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері Маңғыстау облысының аумағында мұнай-газ секторындағы мердігер компаниялардың бірінің басшылығымен сөз байласып, ереуілдер ұйымдастырған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қаржы бопсалау және арандату әрекеті
Дереккөздердің мәліметінше, қылмыскерлер өз жоспарларын жүзеге асыру үшін кәсіпорын ұжымын жаппай наразылықтарға арандатып, сол арқылы тапсырыс беруші «Өзенмұнайгаз» АҚ-дан қосымша қаржы алуға тырысқан.
Қылмыскерлер Жаңаөзен қаласындағы 2011 жылғы оқиғаларды қайталау үшін мұнайшылардың наразылық әлеуетін пайдалануға әрекеттенген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







