Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қоқыс полигонындағы өрт ошағына өзі барып, жағдайды көзбен көріп, тікелей бақылауға алды. Мұндай сәтте билік пен халықтың арасындағы сенімді байланыстың сақталуы маңызды. Қарапайым тұрғындар үшін ең бастысы – қауіпсіздік, ауаға тараған түтіннің зияны тимеуі, ал аймақ басшысы үшін – өртті тез арада сөндіріп, қайталанбауы үшін жүйелі шешім қабылдауы маңызды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марат Сұлтанғазиевтің сапары барысында ол жағдайды толық бақылауға алу үшін бірнеше нақты тапсырмалар берді. Ең алдымен, инертті материалдарды жеткізіп, бықсып жатқан ошақтарды жедел көму қажет екені айтты. Бұл өртті ауыздықтаудың негізгі жолы.
Сонымен қатар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру міндеттелді. Өйткені табиғаттың тосын мінезі, әсіресе желдің бағыты өрттің таралуына ықпал етуі мүмкін. Сол себепті жел қозғалысын тұрақты бақылауда ұстау – қауіптің алдын алудың басты қадамы. Топырақты нығыздау үшін қосымша техниканы тарту, халықты ашық әрі тұрақты ақпараттандыру да әкімнің тапсырмалары қатарында болды.
Әкімнің айтуынша, ауылдарға ешқандай қауіп жоқ, жағдай толық бақылауда. Бұл сөздер тұрғындардың көңілін орнықтырғаны анық. Өйткені адамдарға белгісіздік пен ақпарат тапшылығы қорқыныш тудырады. Сол үшін де билік тарапынан уақытылы, ашық ақпарат беру – тек ресми міндет емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік.
Әкімнің әрекетінен табиғи апат болсын, техногендік жағдай болсын, халықпен бірге екенін байқадықү Осылайша Сұлтанғазиев қиындыққа бейжай қарамайтынын көрсетті. Жағдайды толықтай тұрақтандыру үшін барлық күш жұмылдырылды.