Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне ауысады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл ақпаратты Президент әкімшілігіндегі дереккөздер растаған. Мәліметке сәйкес, Руслан Берденов жуырда Мәжілістегі депутаттық мандатын тапсырып, туған жері Шымкент қаласына оралмақ. Оның кандидатурасы әкім орынбасары лауазымына ресми түрде мақұлданған.
Қазір Шымкент қаласының әкімі қызметін Ғабит Сыздықбеков атқарып отыр.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Берденов бара сала Шымкенттегі жемқорлыққа қарсы күрес жарияламақшы. Облыстағы бұрыннан орныққан күштердің ықпалын азайту үшін барын салатын болады. Құрылыс саласы Берденовтің бақылауына өтпек.
Сыздықбековтың тұсындағы Шымкентте Тоқаевтың тапсырмасымен активтерді мемлекетке қайтару науқаны қарқынды жүруде. Қаладағы Мұз сарайы, Орталық су спорт кешені, №2 қалалық емхана, «Қиял әлемі» технопаркі мен «Кең баба» саябағы мемлекеттің қарамағына қайтарылуға жақын.
Руслан Берденов еңбек жолында түрлі бизнес құрылымдарда басшылық қызмет атқарған. Атап айтқанда, ол «Almaty Kus» Сеймар Групп, Procter & Gamble LLP, EASTCOMTRANS және Aq niet Group компанияларында жауапты қызметтерде болған. Мәжіліске дейін Aq niet Group компаниясының байқау кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.
Айта кетелік, бұған дейін депутат Бапи Еуразиялық одақ туралы шындықты айтып, бизнесті қорғауды сұраған еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

