Бұрынғы Спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов өкілетін асыра пайдаланып, ауыр зардапқа әкелген әрекеті үшін кінәлі деп танылды.
Астана қаласының соты экс-шенеунікке 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қожағапанов 2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу кезінде 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сотталған.
Оның сыбайласы ретінде айыпталған «Success K» компаниясының басшысы, танымал пиаршы Ләззат Көккөзоваға алаяқтық жасағаны үшін 5 жыл жаза кесілді.
Сот процесі бес айға созылды.
Ерлан Қожағапанов сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеп, куәгерлерге қысым жасалғанын айтып, істің объективті түрде қаралуы үшін нейрожелі арқылы қайта тексеруді талап еткен. Алайда сот оның бұл өтінішін қабылдаған жоқ.