Ресейдің Пермь өңірінде жеке тікұшақтың апатқа ұшырап, кәсіпкер Ильяс Гимадутдинов қаза тапты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе апатына қозғалтқыштың мұз қатуынан істен шығуы себеп болуы мүмкін.
Қайғылы оқиға Пермь өлкесіндегі Бардым ауданы аумағында орналасқан «Ашатли парк» демалыс базасы маңында тіркелген. Апатқа ұшыраған тікұшақ Robinson R44 Raven үлгісіндегі жеке әуе көлігі. Ол «Таттранском» компаниясына тиесілі болған. Ұшудың рұқсатсыз жүзеге асырылғаны да айтылып отыр.
Апат салдарынан Пермь өңіріндегі ірі кәсіпкерлердің бірі, «Таттранском» көлік компаниясының құрылтайшысы Ильяс Гимадутдинов оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар осы компанияның автомобиль колоннасының басшысы Эльмир Коняков та қаза тапқан.
Таттранском Ханты-Мансий автономды округі, Ямал-Ненец автономды округі және Пермь өлкесі аумағында жүк тасымалымен айналысады. Компания мұнай-газ өндіру саласына көліктік қызмет көрсетумен де айналысқан. 2024 жылғы қаржылық есепке сәйкес, кәсіпорынның жылдық кірісі шамамен 2 миллиард рубльді құраған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, тікұшақ жерге құлаған кезде демалыс базасының аумағында өзге нысандарға зақым келмеген. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару және тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдай салдарын жоюға Ресейдің тиісті қызметтерінен 40-қа жуық адам мен 14 техника бірлігі тартылған.
Әуе апатының нақты себептері мен ұшу шарттарына қатысты мән-жайлар тергеу барысында анықталмақ.
Ал қоғам белсендісі Ғалым Байтук болса «Халқы 20 миллионға жуық және жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші 12 мың доллардан сәл асатын ел үшін активі 5 млрд доллардан жоғары бірнеше адамның болуы үлкен аномалия» деп ашуалануда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

