Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері соңғы кезде шарықтап кетті. Кейбір операторлар қызмет құнын бірден екі есеге – 3 мыңнан 6 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген.
Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев бұған түсініктеме берді деп жазады Ertenmedia.
Министрдің айтуынша, тарифтердің көтерілуіне инфляция және операторлардың өз желілерін дамытуға құйып жатқан инвестициясы себеп болған.
«Бағаның біртіндеп өсуі орынды… Себебі инфляция бар, компаниялар желілерін дамыту үшін инвестиция құюда. Ең бастысы, операторлар арасында бағаға қатысты заңсыз келісімдер (монополиялық сөз байласу) болмауы керек», – деді министр.
Мәдиев жалпы алғанда, байланыс тарифтері қымбаттағанымен, бір гигабайт интернет-трафиктің бағасы керісінше төмендегенін атап өтті. Сондай-ақ, ол тарифтердің көтерілуі барлық абонентке бірдей әсер етіп жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, соңғы кезде қазақтар ұялы байланыс қызметінің тым қымбаттап кеткеніне шағымдана бастады.