Қазақстан қор биржасында ерекше тыныштық орнады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
13 наурыздағы сауда нәтижесінде АҚШ долларының курсы 491,29 теңге межесінде қатып қалғандай күйде тұр. Бір тәулікте доллар ұлттық валютаға небәрі 0,02 теңге ғана жол беріп, мұнай нарығындағы позитивті сигналдарды елемей қойды.
Жағдайдың басты жұмбағы да осында. Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы ICE биржасында психологиялық межеден асып, бір баррель үшін 100,73 долларға жетті.
Мұндай жоғары баға әдетте теңгеге күш беруі керек еді. Бірақ ұлттық валюта қымбат мұнайдың ықпалына түспей, бейқам күй кешіп отыр.
Елдегі айырбастау орындарында да қозғалыс байқалмайды. АҚШ валютасын халықтан сатып алу бағасы – 491-492 теңге болса, сату бағасы – 493-496 теңге шамасында. Еуро бойынша баға дәлізі – сатып алу 561-565 теңге, сату 567-572 теңге деңгейінде сақталған. Ресей рублі де тұрақты: сатып алу – 6,1-6,2 теңге, сату – 6,16-6,3 теңге арасында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







