Иран Сыртқы істерінің орынбасары Казем Гарибабади Нахчыванға жасалған дрон шабуылына қатысты пікір білдірді. Дипломат шабуылдың көрші елдерге емес, әскери базаларға бағытталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Иран Ислам Республикасы көршілес елдердің аумағына ешқашан соққы жасамайды. Біздің нысанамыз тек АҚШ пен сионистік режимдердің әскери базалары. Аймақта Иранға қарсы пайдаланылатын әскери базалар орналасса, біз оларға соққы береміз деген ұстанымымызды бұрыннан ашық айтып келеміз», – деді Гарибабади AnewZ агенттігіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар, Иран өкілі аталған оқиға жан-жақты тексерілуі тиіс екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, 5 наурыз күні Әзербайжанның Нахчыван автономиялық республикасының аумағына Иран территориясынан ұшырылған екі дрон кіріп, біреуі әуежайдың терминалына соғылған, екіншісі Шакарабад ауылындағы мектеп маңына құлаған еді. Соңғы деректер бойынша, оқиғадан төрт адам зардап шекті.
Иранда не болып жатыр? Бұған дейн біз президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келгенін жазған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







