Наймандар — Қазақ хандығының этникалық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған ру-тайпалық бірлестік. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған.
Сегіз-оғыздар Хангайдын батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Х ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» карағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен ата- лады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азия аумағына қоныс- танған. Қидандардын Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның одағы» деген баламасы бар, яғни найман деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде монғол тілдес кидандардың бергені күмәнсіз.
Найман тайпалар одағы ХІІ ғасырдын бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады.
Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжэндерді қуып шығып, кидандардын Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің кажеттері үшін оған мал әкеліп берген.
Х-ХІІ ғасырдың басында наймандар Ляо империясына вассалдык тәуел- ділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолия жерінде тұрған. Жетісуда қарақытайлар мемлекеті кұрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазыктарды мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсет- кеніндей, кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі шығыс- тан батысқа қараған аумақты алып жаткан.
Көшпенділер тек мал шаруашылығымен айналысқан қауым емес, олар мықты әскери құрылым қалыптастырып, өздерінің құқықтық жүйесі мен жазба мәдениетін дамытқан. Осындай өркениеттің айқын өкілдерінің бірі – наймандар.Найман тайпасы ежелден Ұлы Даланы мекендеп, түркі халықтарының арасында ірі этносаяси бірлестіктердің қатарында болды. Бұл мақалада наймандардың дәстүрлі көшпелі өмір салты, олардың саяси тарихы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, рухани өмірі және бүгінгі қазақ қоғамындағы орны қарастырылады.
Наймандар туралы алғашқы деректер VIII-XII ғасырлардан бастап кездеседі. Қытай деректерінде оларды «оң қанат түркілері», ал моңғол жазбаларында «найман» (сегіз) тайпасы деп атаған.Бастапқы орналасқан жерлері:Алтай тауы, Орхон өзені маңы, қазіргі Моңғолия мен Қазақстанның шығыс өңірлері. Кейіннен олар Жетісу, Тарбағатай, Сарыарқа жерлеріне қоныс аударды. Найман мемлекеті:XII ғасырда наймандар өз алдына дербес хандық құрды. Бұл хандық Шыңғыс хан дәуіріне дейін Орталық Азиядағы ең қуатты көшпелі мемлекеттердің бірі болды. Инанч-Білге хан тұсында мемлекеттің саяси құрылымы нығайды.1204 жылы Шыңғыс хан наймандарды жеңіп, олардың бір бөлігі Жетісуға қоныс аударды. Наймандар тек көшпелі мал шаруашылығымен шектелмей, жазу мәдениетін дамытқан тайпа болды. Олар Ұйғыр жазуын қолданды, бұл олардың мемлекет басқарудағы жоғары деңгейін көрсетті.
Дәстүрлі көшпелі өмір салтын ұстанған наймандардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды.Жайылымдарды тиімді пайдалану арқылы жылқы, қой, түйе өсірді.Кейбір найман рулары керуен саудасымен айналысып, Ұлы Жібек жолының бойында қалалар салған.Киіз үй, ат әбзелдері, қару-жарақ жасау ісі дамыған.Наймандар жылқы өсірудің шеберлері болды, олардың жылқылары төзімділігімен ерекшеленді. Бұл әскери жорықтарда үлкен артықшылық берді.
Найман хандығының басқару жүйесі жақсы ұйымдастырылды.Хан билігінде орталықтандырылған басқару формасы болды.Рубасылар мен билер жергілікті басқаруды жүзеге асырды.Әскери жүйе найман әскері 10, 100, 1000, 10 000 адамнан тұратын бөлімдерге бөлінді.Наймандардың әскери тактикасы Шыңғыс ханның стратегиясына әсер етті. Олардың ұрыс жүргізу әдістері моңғол әскеріне енді.
Ал енді осы найман руының рухани өміріне және мәдениетіне келетін болсақ, ерте кезеңде негізгі сенім тәңіршілдік болды.Күшілік хан тұсында кеңінен тараған дін буддизм болды.Ал ислам діні Жетісу мен Түркістанға қоныс аударғаннан кейін кеңінен таралды.Сондай ақ наймандар ұйғыр жазуын қолданған алғашқы түркі тайпаларының бірі болды.
Шыңғыс хан жорықтарынан кейін наймандардың бір бөлігі қазіргі Қазақстан аумағына қоныс аударды. XVI-XVII ғасырларда олар толықтай Қазақ хандығының құрамына кірді.Наймандар Шығыс Қазақстан, Жетісу,Қостанай,Түркістан жерлерінен орын алды.Наймандардың шежіресі жақсы сақталған, олар қазақ халқының ірі этникалық топтарының біріне айналды.Бүгінде найман руынан шыққан тұлғалар ғылым, мәдениет, саясат саласында маңызды рөл атқаруда.Мысалы Қабанбай батыр– қазақ-жоңғар соғысының қаһарманы,Шоқан Уәлиханов– қазақтың тұңғыш ғалым-зерттеушісі.Мұхтар Әуезов – әйгілі жазушы.Наймандардың тарихи мұрасы қазіргі қазақ мәдениеті мен руханиятында ерекше орын алады.
Наймандар – көшпелі өркениеттің ең қуатты өкілдерінің бірі. Олар тек мал шаруашылығымен ғана емес,әскери жүйесі, жазба мәдениеті, рухани өмірі арқылы да ерекшеленді. Бүгінде олардың тарихи мұрасы қазақ халқының мәдени-рухани қазынасының бір бөлігіне айналды.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы қазақ ұльттық университеті
Факультеті: Қоғамдық денсаулық сақтау
Орындаған: Нұрлыбай Гүлден 1-курс студенті
Қабылдаған: Дауытбекова М.К. т.ғ.к. аға оқытушы