Қазгидромет синоптиктері 18-20 наурыз күндері Астана мен Алматы қаласындағы ауа райының қандай болатынын хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада 18 наурыз күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнгі және таңғы мезгілде тұман түсіп, жолда көктайғақ сақталады. Батыс, солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -7…-9 градус, күндіз +3…+5 градус.
19 наурызда да жауын-шашын болмайды, көшпелі бұлт күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -5…-7 градус болса, күндіз +3…+5 градус шамасында.
20 наурызда күн ашық, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-батыстан секундына 0-5 метр жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градусқа дейін жылынады.
Алматыда…
18 наурыз күні көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3 градус, күндіз +11…+13 градус болады.
19 наурызда да ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман байқалады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 3-8 метр. Температура түнде +2…+4 градус, күндіз +13…+15 градусқа дейін көтеріледі.
20 наурыз күні жауын-шашын күтілмейді, ауа райы көшпелі бұлтты. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнгі ауа температурасы +3…+5 градус, күндіз +14…+16 градус жылы болады.
Сондай-ақ, синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температураның одан әрі жоғарылайтынын хабарлаған еді. Батыста күн +10…+15 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде +15…+20 градусқа дейін жылынса, солтүстік және шығыста ауа температурасы +3…+8 градус аралығында болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







