Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі мәртебесінен айырылды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Министрдің айтуынша, қазір еліміздегі Ғылым академиясы толық жаңарудан өтіп жатыр.
«Қазір Ғылым академиясы қайта құрылып, Президент жанынан мемлекеттік қолдаумен жұмыс істейді. Осыған байланысты бұрынғы академиктердің көбі мәртебесінен айырылды. Академия құрамына ғылымда ерекше жетістіктерімен танылған ғалымдар ғана қабылданып жатыр», – деді ол онлайн-брифингте.
Министр академияның жаңа құрамына енген белгілі ғалымдарды да атап өтті.
«Қазір академия мүшелерінің қатарына қазақ нейрохирургиясының жетекші маманы Серік Ақшолақов, репродуктология саласының негізін қалаушы Вячеслав Локшин, Назарбаев университетінің профессоры, математик Дурвудхан Сұраған, Ядролық физика институтының директоры Максим Здоровец, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, танымал физик Тілекқабыл Рамазанов сияқты беделді ғалымдар кірді», – деді Саясат Нұрбек.
Осы тұста…
Журналистер министрден «Назарбаев енді Ғылым академиясының мүшесі емес пе?» деп нақтылап сұрады.
«Иә, дәл солай. Қазір Ұлттық ғылым академиясында барлығы 9 ғана адам бар. Толық тізімді жариялаймыз», – деді министр.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевқа академик мәртебесі 1995 жылы берілген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

