Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады деп жазады Ertenmedia.
Зейнеттегі экс-саясаткер мен Путиннің қандай мәселені талқылағаны әзірге белгісіз. Әдетте, Әбішұлы Мәскеуге бекер бармайды.
Күні кеше Мәжілістегі белсенді депутаттар «Ескі Қазақстанның» шетел асырған 150 млрд долларын елге қайтару керек» деген бастама көтерген болатын.
Назарбаев пен Кремль көсемінің бұған дейінгі кездесуі 2024 жылдың желтоқсанында Мәскеу түбіндегі Ново-Огарёвода өткен болатын.