Қазақстанның Жоғарғы соты астаналық Қайыргелді Смағұловтың бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты мемлекеттің пайдасына активтер мен мүліктерді өндіріп алу туралы талап-арызын қарады. Жоғарғы сот азаматтың бұл талабын құптаудан бас тартты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп.
Басылым мәліметінше, Смағұлов өз талаптарында Назарбаевтың президенттік қызметі кезінде адамзаттың қауіпсіздігіне қатер төндіргені деген себеппен дүние-мүлкін қайтартутуралы арыз жазған болатын. Алайда «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңның 36-бабына сәйкес, экс-президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында жасаған әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылмайды, тек мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана тартылады делінген.
Жоғарғы сот Смағұловтың талап-арызын азаматтық сотта қарауға болмайды деп шешті.