Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы бұрынғы Президент резиденциясы орнында не салынатынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Аудан тұрғындарымен кездесу барысында өңір басшысына бұрынғы резиденция орналасқан жерді игеру бойынша сұрақ қойылды. Әкімнің айтуынша, 225 гектар аумаққа 10 мың орындық стадион, мешіт, балалар алаңдары, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін нысандар салу жоспарланып отыр.
«Бұл аумақ қаланың бас жоспарына енгізілген, келісу және мемлекеттік сараптамаға дайындау кезеңдері жүріп жатыр. Самал шағынауданында орналасқан жер учаскесі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрын бұл аумақтың бағалау құны шамамен бір миллиард теңге болған», — деді өңір әкімі.