Атышулы актер Асқар Жұмабек тағы да жанжалдың ортасынан табылды. Бұл жолы оқиға түсіру алаңында өрбіген. Әріптесі Айнұр Нарзиева желіде жариялаған жазбасында актердің өзіне қол көтермек болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оның айтуынша, түсірілім 20 наурыз күні таңғы сағат 10:00-ге жоспарланған. Жұмабектің өзі алдын ала оятуды өтінген. Себебі бұған дейін де түсірілімдерге кешігіп, келмей қалған жағдайлар болған.
«Сағат 8:30-дан бастап хабарласып, ояттым. Екінші қоңырауда көтеріп, тұрғанын айтты. 9:18-де тағы бір рет хабарласып, ұйықтап қалмағанын тексердім», – деп жазды Нарзиева.
Оқиға актердің түсірілімге келуімен күрт өзгерген. Оның сөзінше, Жұмабек келген бетте «неге ерте ояттың?» деп ашуға мініп, әңгімені дауға ұластырған.
«Мен тек кешігіп қалмауын ойладым дедім. Сол сөзден кейін бірден ашуға булығып, жағдай ушығып кетті. Ақыры маған қол көтермек болды», – дейді ол. Нарзиева түсірілім тобының басқа мүшелері де актердің мінезін жақсы білетінін атап өтті. Айтуынша, ол жиі ашуланып, айқайлап, балағат сөздер айтып, есік тарс жауып жүретін көрінеді.
«Қазір де өз-өзіме келе алмай отырмын. Қолым дірілдеп тұр. Қасымда оператор болмағанда не боларын елестету қиын», – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Аскар Жұмабек бұған дейін де дау-дамаймен аты шыққан. 2022 жылы Алматыдағы жанжалдан кейін сот оны 6,5 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда жаза толық өтелмей, мерзімінен бұрын босап шыққан.
Бұған дейін біз Арыс қаласында дүкен сатушысы мен оның інісін топ болып жабылып ұрып-соққан оқиға туралы жазған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







