Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр.
Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелді. Іздеуге бастама жасаған — прокуратура.
Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин — Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.
Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы сәуірден 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.