Өскеменде тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қайғылы оқиға қаладағы Астана көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тіркелген.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал барысында бір адам қаза тапқан. Полиция күдіктіні көп ұзамай анықтап, ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы адам өлтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастағанын хабарлады.
Сол күні Шығыс Қазақстан облысында тағы бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы жағдай Катонқарағай ауданы аумағында болған. Жергілікті тұрғындар арасындағы жанжал кезінде ер адам пышақталып, алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Күдікті ұсталып, ол да уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Полицияның мәліметінше, бұл оқиға бойынша өлімге әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір жанжалдың нақты қалай өрбігені, пышақтың қандай жағдайда қолданылғаны анықталу үстінде.
Құқық қорғау органдары ауыр және аса ауыр қылмыстардың едәуір бөлігі мас күйде жасалатынын атап өтті. Екі дерек бойынша да тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ақмола облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде цифрлық технологияларға ерекше басымдық берілуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

