Оңтүстік Корея мен Грузияда қанша қазақстандық жүргені белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Бұл сұрақ бүгін Мәжіліс кулуарында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевқа қойылған.
Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 30 мыңы азаматы жүр. Заңсыз жүргендер де бар. Грузиямен визасыз режим болғаннан кейін онда қанша азамат жүргені белгісіз.
Қазақстан билігі әзірге ол елдерге арнайы борт жіберуді жоспарлап отырған жоқ.