Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатында қазақстандықтар болды ма? Сыртқы істер министрлігі өкілі ресми ақпарат берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, алдын ала мәліметтер бойынша ұшақ бортында қазақстандықтар болған жоқ.
«Жергілікті биліктің алдын ала деректері бойынша Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында ұшпай, Муан халықаралық әуежайына қонған кезде қоршауға соғылған. Әуе апаты таңғы 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07) болды.
Бангкоктан оралған Jeju Air әуекомпаниясының бортында барлығы 181 адам болды, оның ішінде алты экипаж мүшесі бар. Жолаушылардың көпшілігі Корея азаматтары болды. Таиландтың екі азаматы бар.