Жаңа Конституция жобасында орыс тілінің ресми мәртебесі сақталатын болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Конституциялық сот жариялаған негізгі заңның жаңа нұсқасында: «Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады», – деп нақты жазылған (9-бап).
Жаңа Конституция жобасы азаматтардың, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген. Құжат алдын ала қоғам талқысынан өтті, барлық баптары егжей-тегжейлі талқыланып, пысықталды.
Ұлттық құрылтайдың соңғы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаға қатысты бірқатар маңызды жайтты жариялады. Президенттің айтуынша, өзгерістерді іске асыру үшін Конституциялық сот төрағасы Елвира Әзімованың жетекшілігімен арнайы комиссия құрылмақ. Ұсынылған өзгерістер 2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады.
Мемлекет басшысы бұған дейін айтылған екі палаталы парламентті бір палаталы жүйеге көшіру жоспарын тағы бір мәрте растады. Сондай-ақ 1996 жылы алынып тасталған вице-президент лауазымы қайта енгізіледі. Тоқаевтың айтуынша, елде жаңа консультативтік орган Қазақстан халық кеңесі құрылмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

