Ескі Қазақстанның шетелдегі жасырын қаражатының көлемі белгілі болды. Оффшорда жатқан соманың жалпы мөлшері шамамен 1,4 млрд теңгеге жеткен деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көлеңкелі ақшаның негізгі бөлігі Панамада (1,2 млрд теңге). Өзгесі Вануату (200 млн теңге) және Сан-Марино (100 млн теңге) сияқты аралдық елдерде сақталған.
Шетелдің салық органдары ұсынған ақпаратты зерделеген ҚР Қаржы министрлігі 2 мыңнан аса қазақстандықты жіті тексерген.
Нәтижесінде 1602 азамат 5,4 млрд теңге көлемінде жеке табыс салығын бюджетке қайтарды. Осы қаржының негізгі бөлігі БАӘ, Ұлыбритания, Қытай және Түркия секілді елдердегі дивиденд пен сыйақы түріндегі табыстардан түскен.
«ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер автоматты ақпарат алмасудың (CRS) бірыңғай стандарты аясында банк шоттары мен бенефициар иелері туралы деректермен тұрақты түрде алмасып келеді. Мұның арқасында Қазақстан бюджетіне қосымша 5,4 млрд теңге түсті. CRS шеңберіндегі әріптестік артып отыр: егер 2021 жылы еліміз 51 мемлекетпен дерек алмасса, 2024 жылы олардың саны 89-ға жетті, оның ішінде 26-сы оффшорлық елдер», – делінген ресми хабарламада.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

