Сарапшылар теннисші Рыбакина мен Путинцева не үшін Олимпиадаға қатысудан бас тартуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Чемодан госсекретов» телеграм арнасында осы жайтқа қатысты деректер шықты. Мәліметке сүйенсек, Рыбакина мен Путинцеваның Олимпиадаға қатысудан бас тартуы федерацияның қасақана саботажы болуы мүмкін. Сарапшылар мұндай болжамды дереккөздеріне сүйеніп айтып отыр.
«Спортшылар, әсіресе, қоластына алынғандар (екінші бір елдің адамына азаматтық құқық беру), қаламақы (гонорар) сомасына қарайды және олар теннис федерациясының басшылығынан тиісті мотивация алмаған болуы мүмкін. Олар Қазақстанның атынан шықса міндетті түрде медаль алуы мүмкін еді. Дереккөздер бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады», — делінген жазбада.
Айта кетейік, бұған дейін WTA рейтингінде 4-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болған еді.
«Құрметті қазақстандықтар! Маған бұл туралы айту оңайға соқпады. Өкінішке қарай, Париж Олимпиадасына қатыса алмаймын. Уимблдон турнирінен кейін мен жедел бронхитпен ауырып қалдым, жаттығуға қайта оралуға тырысқаныммен, денем әлі қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма үзілді-кесілді тыйым салды», — деді ол.
Осы тұста ол Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдайтынын жеткізді.
Артынша Теннисші Юлия Путинцева да Париж Олимпиадасына қатыспайтыны белгілі болды.
Қазақстан теннис федерацияның мәліметінше, Путинцева Парижге ұшып келіп, белсенді түрде жаттыға бастаған. Алайда украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықты қазақстандық спортшы тізесін ауыртып алған. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданды.