Қазақстанға ресми сапармен келген Эстон президенті Алар Кариске Ресей туралы мәлімдемесін жұмсартуды ұсынған елші Яап Ора айғай-шумен орнын босатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
ERR порталының дерегінше өткен жылдың қарашасында Астанаға ат басын бұрған Кәрис президент Тоқаевпен кездеспей тұра осындағы елшімен ақылдасып алған. Яап Ора президентке Ресей шапқыншылығына қатысты арнайы әзірлеп әкелген баяндамасын жұмсартуды ұсынған екен.
Бұған құлақ асқан Карис Ақордадағы кешкі ас кезінде Киевке қолдау білдіріп, Украина мәселесіне қатысты өткір мәлімдеме жасаудан тартынып қалған. Мәтін қайта қаралып, ондағы Кремльге қатысты қатаң сыни тезистерді сылып алып тасталған.
Эстон басшысының Мәскеуге қатысты позициясы әлсіреп, артынша әлгі оқиғаны елдің Сыртқы істер министрі естіген көрінеді. Сала басшысы елшінің кеңесін саботаж ретінде қабылдап, Яап Ораның отставкаға кетуін талап еткен.
«Яап? Елшінің кесірінен Каристың Астана сапары барысында Эстонияның позиция толық әрі анық жеткізілмеді. Ресейге қатысты ұстанымымыз әлсіреп, бағытымыз бұрмаланып кетті. Ора қателігін түсініп, жұмыстан өз еркімен кетті», — деп мәлімдеді Сыртқы істер.
Алайда…
Елшінің өзі жұмыстан кетуге деген ыңғай танытпаған тәрізді. Ора қызметінен кетуін ерікті түрде емес, қысыммен болғанын айтып, әзірде ғана күтпеген мәлімдеме жасапты.
«Дипломаттар орнын оңайлықпен босатпайды. Егер менен «мансабыңды дәл осылай аяқтаймын деп жоспарладың ба?» деп сұраса, сөзсіз, жоқ деп айтар едім», – деді Ора эстон телеарнасына берген сұхбатында.
Эстония президенті Карис болса, Ораның орнын басар маман таппай отырған сынды. Президент әлі күнге дейін оның отставкасы туралы шешімге қол қоймаған.
Ertenmedia Тоқаев пен Каристің кездесуіне қатысты арнайы шолу жасаған. Астанадағы Балтық диалогының детальдарын осы тұстан оқи аласыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







