Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Оқиға кеше 21:50 шамасында KC7326 рейсінде, Шымкенттен Астанаға ұшып келген кезінде болған.
«Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ», — деп жазды ол.
Журналист мұның жауапсыздық екенін, әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті екенін айтты.