Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіштің анасы қайтыс болды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Назарбаева Светлана Мырзахметқызы 77 жасында өмірден өтті, — деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов.
Ол филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Дәуір» полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры болды.
Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының да иесі.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы мен Самат Әбіш – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інілері.