Алматының әскери соты Қаңды Қаңтар кезінде археолог Ерлан Жағыпаровтың өліміне кінәлі деп танылған Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің подполковнигі Айтжан Әубәкіровке үкім шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Сот ақпаратына сүйенсек, Әубәкіров 2022 жылғы 6 қаңтарда Алматы қаласында Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановқа оқ атқан. Сот барысында медициналық сараптама нәтижелері айтылып, 30-дан аса куәгерлерден жауап алынған.
Айта кетейік, алғашқы сот отырысы былтыр 19 желтоқсанда басталды. Алайда бірнеше сот процесінен кейін сот жабық режимге ауыстырылды.
Алматы горнизоны әскери соты Айтжан Әубәкіровті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы («Билікті асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Ерлан Жағыпаров археолог, тарихи-мәдени мұраны зерттеуші болған. Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кетіп, бірнеше күннен кейін мәйітханадан табылды.