Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден аса ұрлық дерегі анықталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасы сақталуына тексеріс жүргізді.
«Тексеріс барысында бұл мекеменің екі есепшісі 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғаны анықталды», — деп жазылған хабарламада.
Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.