Қарағанды облысында ішімдік ішкен депутат ер адамды қарумен қорқытқан, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
21 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында белгісіз адам ішімдік ішкен күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан.
«Полиция қызметкерлері күдіктіні ұсталды. Оның 38 жастағы аудандық маслихаттың депутаты екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды», — деп жазылған Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» бабтарымен қылмыстық іс қозғалды.
Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатқаны белгілі болды.
Ал қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.