Бүгінде металлургия – Қазақстан өнеркәсібінің жетекші әрі болашағы зор салаларының бірі. Шілде айының үшінші жексенбісінде металл өндірумен байланысты мамандық иелері кәсіби мерекесін атап өтеді.
Болат қорытушылар, құюшылар, домна пешінің жұмысшылары, ұсталар, қалыптаушылар, илеушілер және басқа да мамандар. Бұл кәсіптердің барлығын металлургия саласы біріктіреді.
Сонымен қатар бұл мерекені осы салада ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін ғалымдар, кен өндіруші шахтерлер және металлургиялық кәсіпорындарда еңбек ететін барша мамандар атап өтеді.
Қазақстанда Металлург күні 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Тарихи дәстүрге берік ел ретінде Қазақстан металлург мамандарының кәсіби мерекесін әр жылдың шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтуді сақтап қалған.