Астанадағы ЭКСПО ауданында Қазақстан полициясы күніне орай дрондардың жарық шоуы өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia
«Дрондар шоуы 23 маусым күні сағат 22:00-де басталады. Аталған шоу мерекелік бағдарламаның басты бөлігіне айналып, заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ», — делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, шоу алдында концерттік бағдарлама өтеді. Концерт 21:00-де басталады.