Қазақстанда бірқатар шай түрін елге әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Еліміздің бас санитар дәрігері қабылдаған шешімге санитарлық тексеру нәтижесі түрткі болған. Мамандар сауда орындарынан алынған шай үлгілерін зерттегенде, өнім құрамынан тағамдық бояғыштар табылыпты.
Қара шайға қосуға мүлдем рұқсат етілмеген «күн батар сарысы» (Е110), тартразин (Е102) және понсо 4R (Е124) секілді химиялық қоспалар анықталған.
Бұған қоса, шайдың қорабында көрсетілген өндіріс мекенжайлары жалған болып шыққан. Тауар шығарушылардың заңды құжаттары да жоқ екені расталды.
Тыйым салынған шай өнімдері қатарында:
- «Апамның шәйі Premium gold»;
- «Al-Hayat Golg»;
- «БАЛҚИЯ Premium Gold» (өндіруші: Orda Trade Astana ЖШС, Алматы облысы);
- «Sultan Suleyman»;
- «Pakistan tea» (Real Trade Astana ЖШС, Астана);
- «БАЛҚИЯ Premium gold» («Аль-Хадия» ЖК, Алматы);
- «Aje Onim» («Орда Чай» ЖК, Алматы; тапсырыс беруші – «Кальций» ЖШС);
- «Al-Hayat Golg» (Empire KENIY E.P.Z. Limited, Алматы облысы);
- «Al-Jannat Premium» (Ferdaus ЖК, Алматы);
- «Alfarah» (өндірушісі көрсетілмеген).
Шектеу талап бұзуға қатысты ескерту толық жойылғанға дейін сақталады. Санитарлы-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұтынушыларды шай сатып аларда өнімнің таңбалануына, шығарылған жері мен мекенжайына мұқият қарауға шақырды.
Өз кезегінде премьер Бектенов те Үкімет жұмысының сапасына көңілі толмай отыр. Таң атпай министрлерді кабинетіне жинаған үкіметбасы қол астындағы қауымға қатаң талап қойды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

