Қазақстанда ақылы жолдарда төлем жасау ережесі жеңілдейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ақылы жол қалай төленеді? Қазіргі талап бойынша жүргізуші жеті күн ішінде жол ақысын төлемесе, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралып, сегізінші күні материалдар көліктік бақылау органдарына жолданады.
Жаңа тәртіпке сай, төлем мерзімі 30 күнге дейін ұзартылады. Яғни, тек 31-ші күннен бастап қана жауапкершілік шаралары қолға алынады.
Ал заңды тұлғалар үшін арнайы ереже енгізілмек. Егер мекеме ақылы жол қызметінің ақысын келесі айдың 20-сына дейін өтемесе, келесі күннен-ақ тиісті материалдар көліктік бақылау органдарына беріледі. Бұған дейін жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек ережелер болмаған еді. Сарапшы Айбар Олжайдың айтуынша үкімет осылайша жүргізушілерге жеңілдік беріп, компаниялардың жауапкершілігін күшейтіп отыр.

