Еліміздің басым бөлігінде күн райы жылынып, жауын-шашын тоқтайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, кең аумақты антициклон ықпалымен ауа райы құрғақ әрі жылы болады. Алайда солтүстік пен шығыста атмосфералық фронт әсерінен қар мен жаңбыр жаууы ықтимал.
Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі байқалмақ. Республика аумағында кей жерлерде тұман түседі.
Елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +3…+15 градусқа дейін жоғарылайды. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күн салқындау – −2 мен +5 градус аралығында болады.
Бүгін бірқатар өңірде қар, жаңбыр жауып, жел күшейген. Астанада күндіз −1…+1 градус айналасында көктайғақ, Алматыда −2 градус шамасында көшпелі бұлт шыққан. Шымкентте тұман түсіп, температура +6…+8 градусқа жеткен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







