Қазақстанда ауызсу қымбаттап жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz energyprom.kz-ке сілтеп.
Минералды су бағасы бір жылда 15%-ға, ауыз су 14%-ға қымбаттады. Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 2,2 млрд литр алкогольсіз сусын өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға көп. Оның ішінде минералды және газдалған су өндіру көлемі 518,4 млн литр болды, ал қалған алкогольсіз сусындардың өндірісі 1,7 млрд литр болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







