Қазақстанда алдағы тәуліктерде ауа райы көбінесе ашық әрі жайлы болады. Ел аумағының басым бөлігі кең антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашын күтілмейді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дегенмен, республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстікте, орталықта тұман және көктайғақ байқалса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жел күшейеді.
Ірі қалалардағы ауа райы болжамы:
Астана қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +5…+7°C.
Алматыда күн райы құбылмалы, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.
Шымкентте күн ашық, ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Түнгі температура +8…+10°C болса, күндіз +25…+27°C-қа дейін жылынады.
Ақтауда түнде жаңбыр жауып, тұман түседі. Күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде +7…+9°C, күндіз +18…+20°C.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C.
Атырауда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.
Жезқазғанда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Температура түнде -1…+1°C, күндіз +13…+15°C.
Қарағандыда күн райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түседі. Температура түнде -3…-5°C, күндіз +7…+9°C.
Көкшетауда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.
Қонаевта күн райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.
Қостанайда күн райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнгі температура 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.
Шуақты күндер
Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Түнде ауа температурасы +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.
Павлодарда күн райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде -2…-4°C, күндіз +5…+7°C.
Петропавлда күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел күшейеді. Түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.
Семейде күн ашық, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз +6…+8°C.
Талдықорғанда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1…-3°C, күндіз +16…+18°C.
Таразда күн райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кездері тұман түседі, таңертең және күндіз жел күшейеді. Түнде ауа температурасы +3…+5°C, күндіз +19…+21°C.
Түркістанда күн ашық, жауын-шашын болмайды, жел күшейеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C.
Оралда түнде жаңбыр жауып, тұман түседі. Күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура -6…-8°C, күндіз +3…+5°C.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







