Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлер саны артып келеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, биылғы шілдеде еліміздің көптеген аймақтарында ылғал деңгейі қалыпты болады деп күтілгенімен, кейбір өңірлерде құрғақшылық қаупі күшейіп тұр.
Әсіресе Қостанай облысының Амангелді мен Жангелді аудандары, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандары қауіпті межеде. Қарағанды облысының Шет ауданы, Ұлытау облысының Ұлытау мен Жаңаарқа аудандары да осы сызықтың бойында тұр. Алматы облысының Балқаш пен Жамбыл аудандары, Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Тұрар Рысқұлов ауданы да құрғақшылыққа бейім деп болжанды.
Түркістан облысында да құрғақшылық қаупі бар. Әсіресе Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар мен Бәйдібек аудандарында ылғал тапшылығы байқалуы мүмкін.
Сонымен қатар Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары, Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау мен Қарақия аудандары және Атырау облысының басым бөлігінде атмосфералық құрғақшылық қаупі жоғары.
Ал шілде айында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандары мен Степногорск қаласында жағдай қалыпты, бірқалыпты ылғалды деңгейде болады деп күтіліп отыр.
Елдің басқа аумақтарында шілдедегі ылғал деңгейі жылдағы көрсеткішке жуық болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

