Алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етіп, жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазгидрометтің» болжамынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауып, кей аймақтарда боран мен көктайғақ болады. Әсіресе, 4 наурыз күні елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын күшейіп, көбіне жаңбыр түрінде түседі деп күтілуде. Жел екпіні де күшейеді.
«Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Сонымен қатар температура біртіндеп жоғарылайды», – деп хабарлады мамандар.
Бүгін елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауса, солтүстік және шығыс аймақтарда 30 градусқа дейінгі аяз сақталуда. Алдағы тәулікте Астанада қар мен боран күтілсе, Алматыда күннің соңына қарай жаңбыр жауады. Шымкентте жауын-шашын болып, ауа температурасы +12 градусқа дейін жылынады.
Айта кетелік, 1 наурыздан бастап бірнеше маңызды заңнамалық өзгеріс күшіне енеді. Олар салықтан бастап, банк қызметі, отбасы құқығы, медицина және қоғам өміріндегі өзге де бағыттарға қатысты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







