Шымкентте «ҚазМұнайГаз Инвест» деп аталған қаржы пирамидасының алаяқтығы әшкереленді.
Ұйымдастырушылар ұлттық компанияның жалған акциясын сатып, жүздеген қазақты алдаған. Олар салымшыларды «әр 15 күн сайын 50 пайыз пайда көресің» деп қызықтырған деп жазады Ertenmedia.
Салымшыларға минималды жарна ретінде 500 мың теңгеден ақша құйдыру арқылы 1 миллиард теңгеден астам қаржы жиналған.
Алайда ешқандай акция сатып алынбағаны анықталды. Табыс тек жаңа клиенттердің ақшасынан төленіп отырған. Классикалық қаржы пирамидасының құрбаны болғандар саны 200-ге жуықтайды.
Алаяқтар жиналған қаржыға қымбат дүние-мүлік алып, оны тәркілеуден жасыру үшін жақындарының атына тіркеп қойған. Соның ішінде аса қымбат Tank 500, BMW X5 автокөліктері, Түркістан облысындағы коттедж бен мейрамхана бар.
Қазір 438 миллион теңгенің активіне сот шешімімен арест қойылды. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары қамауда отыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.