QirSabyn Telegram арнасының ісімен ҰҚК айналысып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Бұл дерек бойынша ҰҚК Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Бопсалау») бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», — деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында.
Айта кетейік, 2024 жылы 18 желтоқсанда Астана мен Қарағандыда QirSabyn Telegram арнасына қатысы барлар ұсталды.
Олар шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялап, ақша бопсалаумен айналысқан деген күдікке ілінді.
Telegram арна әкімшілері сот санкциясымен қамауға алынды.