Айта кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтеру қажеттігін мәлімдеді. Мемлекет басшысы реформалар туралы шешімді қолдады.
«Негізгі салық жүктемесі Еңбекақы төлеу қорына, яғни өзіндік құнға түседі. Тауар сөреге келіп түскенге дейін кәсіпкер салықтың көп бөлігін төлеп тастауға мәжбүр. Үкімет Еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені оны сатуға қарай аудару арқылы азайтуды ұсынады. Ол үшін әлеуметтік жеңілдіктер мен жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы төлемдерін төмендете отырып, ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет», — деді премьер-министр.
Сондай-ақ вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС шегін қазіргі 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды.