«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерін міндетті түрде сақтандыруға тиіс, деп жазады Ertenmedia.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Тулендиевтің айтты. Бұған дейін ұйымдарға enbek.kz порталы арқылы сақтандыру шартын жасау жөнінде хабарлама жолданған болатын.
– Құрметті жұмыс берушілер! Қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару барысында жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыру – еңбек заңнамасының талабы ғана емес, сіздердің әлеуметтік жауапкершіліктеріңіздің көрсеткіші. Бұл шараны уақтылы рәсімдеу қызметкерлеріңіздің денсаулығы мен еңбек құқықтарын қорғап қана қоймай, жұмыс берушінің де заң алдындағы жауапкершілігін төмендетеді, – дейді М.Тулендиев.
Сондай-ақ, сақтандыру шартын жасамаған жұмыс берушілерге әкімшілік айыппұл салынатыны ескертіледі:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230-бабы, 1-тармағы бойынша міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарған сақтандыру ұйымдарына 300 АЕК (1 179 600 теңге) мөлшерінде;
Міндетті сақтандыру шартын жасамаған жұмыс беруші тұлғаларға аталған баптың 2-тармағы бойынша 1000 АЕК-ке дейін (3 920 000 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.
Осыған байланысты, жақын арада тиісті шаралар қабылдап, қызметкерлеріңізді міндетті сақтандыру шартын рәсімдеуге шақырамыз. Жасалған сақтандыру шарттарының көшірмелерін mei@iturkistan.kz
электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







