Қазақстанда Құрылтай депутаттары министрлерді қызметінен қууға тікелей ықпал ете алуы мүмкін.
Конституциялық комиссия осындай жаңа норманы енгізуді ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, жаңа ереже бойынша Құрылтай депутаттарының үштен бірі Үкімет мүшелерінің есебін тыңдауға бастама көтере алады.
Егер министрлер заң талаптарын орындамаған жағдайда, депутаттар Президентке оны қызметінен босату туралы ұсыныс жасай алады.
«Бектенов? Депутаттардың кем дегенде үштен бірінің талабымен Үкімет мүшелері не бітіріп жатқанын айтып, арнайы есеп береді. Егер есеп Құрылтай көңілінен шықпаса, бұл Үкіметке білдірілген сенімсіздік болып саналады. Мұндай жағдайда Президент депутаттар ұсынысы бойынша Үкімет мүшесін қызметінен босатады», – деді Нұрлан Бекназаров.
Осылайша, Құрылтайдың саяси салмағы артып, депутаттар министрлерді қызметінен алуға ықпал ететін нақты құқыққа ие болуы мүмкін.
Айта кетелік, аталған жиында мемкеңесші Ерлан Қарин бір палаталы Құрылтайдың құзыретіне қатысты маңызды ұсыныстарды ортаға салған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

