Автор: Ertenmedia

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны

Қырғыз жерінде өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны үлкен дау-дамаймен және көпе-көрнеу әділетсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жарыс нәтижесінде жүлдені күштеп жұлып алу әрекеті мен спорттық этиканың аяққа тапталуы дүбірлі доданың тарихына қара таңба болып басылды. Дала өркениетін жаһанға танытуды көздеген жоба ағайын елдердің сыйластығына сына қаққан ұсақ амбиция алаңына айналып кетті. «Ұрланған үш алтын»: Медаль кестесіндегі хаттамалық цирк Турнирдің ең сорақы көрінісі ресми медальдық есептегі ашық бұрмалау болды. Жарыстың соңғы күні Қазақстанның Спорт министрлігі құрамамыздың 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, жалпы саны 74 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шыққанын ресми түрде жария етті. Жарыс қожайындары 30 алтынмен екінші…

Толық оқу
бауыржан байбек

Алматының экс-әкімі, ескі Қазақстанның белді өкілі Бауыржан Байбектің 90 миллион теңгеге бағаланған сағат коллекциясы ұрланған. Күдікті қымбат сағаттарды жай алып кетпей, күдік туғызбау олардың орнына алдын ала сатып алған көшірмелерін қойып кеткен, деп хабарлайды Ertenmedia.kz журналист Михаил Козачковқа сілтеме жасап. Журналистің мәліметінше, ұрлыққа Байбектің көмекшісінің көмекшісі болған 31 жастағы Нұрболат есімді азамат күдікке ілінген. Ол күнделікті уақ-түйек тапсырмаларды орындап, отбасы мүшелерін апарып, алып келіп, үй тіршілігіне қажетті заттарды жеткізіп жүрген. Сол себепті бастығының (Байбектің) үйіндегі бағалы бұйымдардың қайда сақталатынын өте жақсы білген. Байбек отбасымен бірге шетелге кеткен кезде күдікті қызметтік көліктен қосалқы кілттерді алып, үйге кірген. Тергеу нұсқасы бойынша ол…

Толық оқу
анастасия ахметова

Полиция атышулы Анастасия Ахметова мен желіде Вайс тегімен танылған Эльмира Кулакованың үстінен іс қозғады. Екеуі де ұлтараздықты қоздырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған блогерлердің желідегі жазбаларынан кейін құқық қорғау органдарына түскен арыз-шағым себеп болған. Жұмсартып айтқанда, Ахметова мен Кулакова ұлтаралық қарым-қатынас, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы жанжал және мемлекеттер арасындағы текетіреске байланысты резонансты тақырыптарды жиі көтерген. Жазбасында Кремль мен Киев арасындағы соғысқа, тіл дауына және Қазақстандағы қоғамдық-саяси оқиғаларға баға берген. Титулды ұлқа тіл тигізген сәттері де аз емес. Күні кеше екеуі де тергеу амалын бастау үшін полицияға жеткізілді. Сот оларға әртүрлі бұлтартпау шарасын таңдаған екен. Бала-шағасы бар Анастасия Ахметова үйқамаққа…

Толық оқу
ерлан қарин

Вице-президент Ерлан Қарин Ақордада кеңес өткізіп, ішкі саясаттағы негізгі міндеттерді пысықтады. Жиында Президент бастамаларының орындалуы мен мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысы қаралды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кеңеске Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен әлеуметтік-мәдени және ақпарат саласына жауапты орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Қоғамдық бірлікті нығайту, Конституциядағы құндылықтар мен қағидаттарды насихаттау мәселелері талқыланды. Қатысушылар «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру және «Адал азамат» құндылықтарын орнықтыру жөніндегі нақты шараларды қарастырды. Қарин мемлекеттік органдардың жұмысы Президент жарлығымен бекітілген ішкі саясат жөніндегі тұжырымдамалық құжатқа сүйенуі керек екенін атап өтті. Онда қоғаммен ашық әрі тұрақты диалог орнату, этносаралық және дінаралық келісімді нығайту,…

Толық оқу
ерлан карин

Президент Тоқаев «вице-президентттің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды. Құжат ел тарихындағы тұңғыш вице-президент Ерлан Қариннің мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны мен құзыретін нақты белгіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жарлыққа сәйкес, вице-президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты стратегиялық бастамаларды әзірлеуді қамтамасыз етіп, оларды Президентке ұсынады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Құрылтай, Үкімет және өзге мемлекеттік органдармен байланыста Президенттің атынан өкілдік етеді. Оның құзыреті саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды да қамтиды. Ерлан Қарин Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарып, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді. Вице-президент бірқатар маңызды мемлекеттік…

Толық оқу
Flamingo Art

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында өңір тұрғындары мен Астана қаласынан, сондай-ақ еліміздің өзге де аймақтарынан келген қонақтардың басын қосқан екінші мәдени-туристік Flamingo Fest фестивалі өтуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шара өлке мәдениетін дәріптеуге, табиғи байлықты танытуға және әлемдегі ең әсем құстардың бірі саналатын қызғылт қоқиқаздарды көруге мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Мәдениет пен өнер тоғысқан салтанатты жиын Мерекелік бағдарлама Қорғалжын ауылының орталық алаңында ашылды. Мәдени шараның шымылдығын Атбасар ауданынан арнайы келген «Молодость» халық ансамблі түрді. Өнерпаздар құстардың нәзіктігі мен еркіндігін би тілімен шебер бейнелеген «Фламинго» хореографиялық қойылымын ұсынды. Мерекелік сазды бағдарламаны жергілікті «Нұрлы саз» квартетінің әуезді өнері әрі қарай жалғастырды. Жиын барысында…

Толық оқу
курс тенге к доллару

Тамыз айында теңге долларға шаққанда 2,6 пайызға нығайып, 461,57 теңгеге жетті. Halyk Finance сарапшылары ұлттық валютаның күшеюін нарықтағы шетел валютасы ұсынысының сұраныстан басым болуымен және бейрезиденттердің теңгелік активтерге қызығушылығымен байланыстырады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шілде айының соңында доллар 473,81 теңге болған еді. Тамыз қорытындысында теңге 2024 жылғы мамырдан бергі ең жоғары деңгейге дейін нығайды. Жыл басында америкалық валюта 501,2 теңге тұрған. Осылайша, алғашқы сегіз айда ұлттық валюта шамамен 8 пайызға күшейген. Валюта саудасы күрт өсті Тамызда Қазақстан қор биржасындағы шетел валютасы саудасының жалпы көлемі 8,7 млрд долларды құрады. Шілдемен салыстырғанда көрсеткіш 100 млн долларға артқан. Күн сайын орта есеппен 415 млн…

Толық оқу
Чингис Аринов возглавил Алматинскую область

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Әріновті Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындады. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа 4 қыркүйекте қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шыңғыс Әрінов осы күні қызметінен босатылған Марат Сұлтанғазиевтің орнына келді. Сұлтанғазиев Алматы облысын 2022 жылғы маусымнан бері басқарған. Жаңа әкімнің кандидатурасы алдын ала облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылды. Заңда белгіленген рәсім аяқталғаннан кейін Президент Әріновті қызметке бекітті. Президент күзетінен облыс басшылығына дейін 42 жастағы Шыңғыс Әрінов бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды. Ол жаңадан жасақталған Үкімет құрамына енген жоқ. ТЖМ басшылығына министрліктің бұрынғы аппарат басшысы Мұрат Мұханов тағайындалды. Әріновтің еңбек жолының басым бөлігі Мемлекеттік күзет…

Толық оқу
серік жұманғарин

Қазақстандағы салық реформасының әкесі атанған, осы кампанияға тағдырын тіккен Серік Жұманғарин Үкіметтегі орнын сақтап қалды деп жазады Ertenmedia.kz телеграм арнасы. Осыған дейінгі министрлер кабинетінің ең басты дерті жауапкершіліктен қашу, маңызды шешімді созбаққа салу және саяси тәуекелге бармау еді. Үлкен кісінің дәуірінде шенділердің басым бөлігі абайлап сөйлеп, сәтсіздіктің салмағын өз мойнына алмауға тырысатын. Тоқаевтың тұсында «екінші тынысы» ашылған Жұманғарин керісінше, қоғамның бүкіл ашу-ызасын өзіне қабылдайтын фигура болып тұр. Ақордаға барлық саяси репутациялық соққыны өзіне сорып алатын абсорбер шенеунік әзір ауадай қажет. Салық саясаты сияқты аса сезімтал салада агрессивті аудиториямен, бизнеспен, тіпті парламенттегі депутаттармен ашық әрі дөрекілеу пікірталасқа түсуге дәті жететін бір…

Толық оқу
арман кырыкбаев министр информации

Президент Тоқаев Арман Қырықбаевты Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындады. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа 3 қыркүйекте қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның кандидатурасын тағайындауға дейін Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мақұлдаған. Арман Қырықбаев жаңа қызметте Аида Балаеваның орнына келді. Балаева 31 тамызда Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді. Қырықбаев Үкімет құрамына енгенге дейін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды. Осы лауазымға 2025 жылғы ақпанда тағайындалған. Таныс министрлікке оралды 49 жастағы Арман Қырықбаев үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі бөтен орта емес. Ол 2006–2008 жылдары ведомствоның қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментін басқарған. Кейін Мәдениет комитетінің төрағасы болды.…

Толық оқу