Tesla Cybertruck сыртқы дизайны бойынша өз санатындағы ең ерекше көліктердің бірі. Тіпті бейнеойындардағы автомобильге ұқсайтынын көпшілік мойындайды. Алайда бұл көлік екінші нарықтағы ең үздік электромобильдердің қатарына жатпайды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мәселен, көлікті сатып аларда техникалық қызмет көрсету шығындарын ескерген жөн. Өйткені Tesla шығарған бұл көлікті кез келген механик жөндей алмайды. Қызмет ақысы қымбатқа түсуі мүмкін.
Consumer Reports журналының мәліметінше, Cybertruck қысқа мерзім ішінде бірнеше техникалық мәселеге тап болды. Мысалы, көлік қозғалыс кезінде газ педалінің қысылып қалуы секілді ақаулар анықталған.
Сонымен қатар, көліктің бұрынғы иесінің жүргізу ерекшелігіне қарай аккумуляторда және басқа да бөлшектерде жасырын ақаулар пайда болуы мүмкін. Ал бұл кемшіліктер қысқа тест-драйв кезінде анықталмай қалуы ықтимал.
Тағы бір мәселе амортизация. Соңғы бір жылда Cybertruck құны едәуір арзандап, көп көліктер екінші нарықта ұзақ уақыт сатылмай тұр. Егер көлікті төмен бағамен сатып алып, кейін қайта сатамын десеңіз, оның құны тұрақты сақталмауы мүмкін.
Сондықтан Tesla Cybertruck электромобилін сатып алар алдында оның техникалық қызмет көрсету тарихын тексеріп, жан-жақты диагностика жасаған дұрыс. Жалпы мұндай тәсілді басқа электромобильдерге де қолданған абзал.
Айтқандай жақында Cybertruck бағасын $59,990 деп белгіледі. Жаңа модель ең қолжетімді нұсқа.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







