Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады. Қазанның басында жанармай нарығындағы негізгі ойыншылар АИ-95 маркалы бензиннің бір литрін 300 теңгеден сата бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Digitalbusiness дерегінше межені ең бірінші болып Compass жанармай бекеті бағындырған.
1 қазанда Астанада АИ-95 бағасы 300 теңгеге жетсе, Алматыда бұл бензин тіпті 305 теңгеге саудаланды. Қазір Royal Petrol секілді ірі желілер де осы бағамен сатуға көшті.
Жалпы баға өзгерісіне келсек, АИ-92 маркасының бір литрі 235 теңгеден 238 теңгеге көтерілді. АИ-95 маркалы бензин бірден 5 теңгеге қымбаттап, қазір 300 теңгеден сатылып жатыр.
Ал АИ-98 бензині бүгінгі таңда 350 теңгеден ұсынылуда. Дизель бағасы 331 теңге.
Билік маңындағы сарапшылар бензин бағасының 300 теңге межесінен асуы қоғамда бұрынғыдай дүрбелең тудырмағанын атап өткен екен.