Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасына жұмыс сапармен барды. Әкім Қытайдың ең ірі көпсалалы компанияларының бірі «Yuexing Group» корпорациясының өндірістік және іскерлік кешенімен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қытайдың озық жекеменшік компанияларының қатарына кіретін «Yuexing Group» ұлттық нарықтағы ең ірі қатысушылардың бірі. 35 жылдан астам уақыт ішінде компания жиһаз өндірісі, бөлшек сауда, девелопмент, қонақ үй бизнесімен айналысады. Бұдан басқа түрлі бағыттарды біріктіретін әртараптандырылған бизнес құрылымын қалыптастырған.
Кездесу барысында Дархан Сатыбалды екі тарап арасындағы өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар екенін атап, корпорацияның Алматыда ауқымды жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін жоғары бағалады.
– Алматыда біз өндірісті орналастыруға қажетті барлық инфрақұрылымы бар Индустриялық аймақ бар. Біздің шаһар сіздердің компанияларыңыз үшін Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шыға алатын қақпа бола алады, – деді Алматы әкімі.
Келіссөз қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімдігі мен «Yuexing Group» корпорациясы құрылыс саласындағы ынтымақтастық жөніндегі алдын ала келісімге қол қойды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







