Қызылордада прокурорлар бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Мән-жай
Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді.
Нәтижесінде «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталған.
Прокуратура не дейді?
«Бұл дерек бойынша облыс прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық істі тіркеді», — деп жазылған хабарламада.
Прокуратура ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпаратты жарияламады.