2026 жылы мұсылмандардың қасиетті айы – Рамазан 19 ақпанда басталады. Бір айға жалғасатын ораза 19 наурызда аяқталып, ертесіне мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін тойлайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ораза ұстауға ниет ету және ауызашар кезіндегі дұғалардың мағынасы:
Сәресіде (ораза бастау ниеті):
«Науайту ән асума саума шахри Рамадана минәл фәджри иләл мағриби халисан лилләһи тәъалә. Уә би сауми ғадин науайту мин шахри Рамадан».
Мағынасы: «Алла разылығы үшін шын жүректен рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім».
Ауызашарда айтылатын дұға (ифтар дұғасы):
«Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә аләйкә тәуәккәлту уә алә ризқикә әфтарту уә саумәл-ғади мин шахри Рамадана науайту, фағфирли мә қаддамту уә мә аххарту».
Мағынасы: «Уа, Алла! Сенің разылығың үшін ауыз бекіттім, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сенің берген ризығыңмен ауызымды аштым. Ертеңгі рамазан оразасын ұстауға ниет еттім. Өткен-кеткен күнәларымды кешіре гөр!»
Тарауих намазы және тасбих:
Рамазан айында құптан намазынан кейін мешіттерде тарауих намазы оқылады. Әр төрт рәкағаттан кейін және соңында арнайы тасбих айтылады. Оның мағынасында мұсылмандар Жаратушының ұлылығы мен пәктігін мадақтап, жұмақты сұрап, тозақ отынан сақтауды тілейді.
Тасбих дұғасы:
«Субхана зил-мулки уәл-мәләкут. Субхана зил-ъиззәти уәл-ъазамәти уәл-қудрати уәл-кибрийә-и уәл-жәбәрут. Субханәл мәликил хаййил-ләзи лә йәмут. Суббухун құддусун раббуна уә раббул-мәлаикәти уар-рух. Лә иләһә иллаллаһу нәстағфируллаһ нәс-әлукәл жәннәтә уә нәъузу бикә минән-нәр».
Мағынасы: «Барша билік пен құдіреттің Иесі, барша айбындылық пен ұлылықтың Иесі болған Алла кемшіліктен пәк. Мәңгі тірі, ешқашан өлмейтін патша болған Алла кемшіліктен пәк. Барлық періштелер мен рухтың Раббысы болған Аллаға мадақ. Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ. Уа, Алла, күнәларымызды кешіре гөр! Саған сыйындық, бізге жұмақты нәсіп етіп, тозақ отынан сақта».
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

